Кінәлау, айыптау, кінәраттау, мінеу, жазғыру, сөгу, жазалау, күстаналау, қаралау, жазықтау, жауаптау

lat: Kinólaý, aıyptaý, kinárattaý, mineý, jazǵyrý, sógý, jazalaý, kústanalaý, qaralaý, jazyqtaý, jaýaptaý.

Айып тагу, жауапца тарту, цылмысты деп тауып, жаза кесу, біреудің кемшілік-мінін айтып мойнына цою, сынау. Солай, солай, ұқтың ба енді, ағайын, сонда-дағы отырған жоқ кінәлап (Қ. Мұқашев). Бетіне бүркенген зұлымдық-қиянат перделерін сыпырып алып, сүрқия түлғасын тарих алдына тырдай жалаңаш шығарып, айыптап отыр (Д. Әбілев). Енді байқаса, қолындағы малының шылбыры қысқарып, түяқ шиыры молайғалы түр, қыбын таппасаң кінәраттап бітеді (Т. Иманбеков). Ауруым бар деп қағаз алуды бойына ар көрген інісінің қылығын мінеді (К. Оразалин). Мекешті қанша жазгырганымен, кететін жерде Жарастың жаны ауырды (3. Шүкіров). Елекеңді ұятқа батырды-ау деп жұрт Кәмелбекті сөкті (М. Қосшығүлов). Аудандық комитетке кеше ғана өзін жазалаган бастықтың бірі Назаровтың алдына қайта келді (С. Бақбергенов). Бір көрген адамның ішіне терең сүңгімей жатып, кцстаналай қоюды ағаттық деп есептеді (С. Жүнісов). Басқан ізімен вокзалға күніне барып қайтатын Столетовты царалап үстарлык дәнекер таппады (К. Тоқаев). Мүндай тентектікті кәрі істемейді - қолынан келмейді, жазса да, жаңылса да жастық істейді. Жазыцта- масын, жастық ісіне Қүдайдан жаза сүрамасын (Б. Нұржекеев). Атқан адам өз жөнімен кетті, оны жауаптаган да, жазықтаған да еш адам жоқ (Б. Нүржекеев).